Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
- «Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының Бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазба;
- «Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының Бас жоспары. Түзету» жобасының схемалары;
- «Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының Бас жоспары. Түзету» жобасына көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсер ету скринингі бойынша есеп.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Қонаев қаласының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
- Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер мүмкін болса, бұл қандай әсерлер және неліктен сіз оларды айтарлықтай деп санайсыз?
- Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тигізетін қандай әсерлерді зерттеу қажет және неліктен?
- Құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал айтарлықтай әсерлері туралы сізді қызықтыратын барлық ақпарат әсерді скринингтен өткізу туралы есепте қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
- Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты басқа да ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2025-2050 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 22 мамырдан 8 маусымға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 8 маусым).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83
e-mail: [email protected], [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрліктің Кеңсесінің электрондық поштасына электронды форматта жолдауға болады: [email protected]
Құжаттарыңыздың Кеңсеге түскенін міндетті түрде мына телефон арқылы нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44
СЭБ бойынша материалдар келесі сілтемелерде орналастырылған:
- Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
- «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сайтында.