
2022 жылғы 17 тамызда Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Өтешов Бұқар жырау ауданына жұмыс сапарымен келді.
2022 жылғы 17 тамызда Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Өтешов Бұқар жырау ауданына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары Үштөбе ауылдық округінің Сарыарқа ауылындағы ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінде басталып, ауданның орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысымен танысуы жалғастырылды.
Сапар барысында облыстық мәслихат хатшысы облыстың және ауданның уәкілетті органдары басшыларының, ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен ауданның жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Сапар соңында Серік Балғатайұлы азаматтарды жеке қабылдады.
Сапар барысында облыстық мәслихат хатшысымен аудан әкімі С.Аймаков және аудандық мәслихат хатшысы А. Әли бірге болды.