
М. А. Байгожиннің төрағалығымен ауданның Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Қоғамдық кеңесінің мүшелері, әкімдер:Ростов округінің Е. Б. Абишев, Гагарин округінің Ж. Ж. Рахимберлинов, Петровка ауылдық округі әкімінің м. а. А.Казтаева, " Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманыМалаева А. К. қатысты.
«Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну жөніндегі жұмысы», «Қоғамдық кеңес төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі», «Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары» мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылданатын болады.