
Сегізінші шақырылған Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 43-ші сессиясы 2025 жылдың 12 тамызы күні сағат 16:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында келесі күн тәртібімен өтетінін хабарлайды:
1.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2.«Меркі аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3.Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2025 жылдың 12 тамызы күні сағат 15:00-де өтеді.
Аудандық мәслихат аппараты