
Сегізінші шақырылған Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 55-ші сессиясы 2026 жылдың 19 ақпаны күні сағат 11:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында келесі күн тәртібімен өтетінін хабарлайды:
1. «Меркі аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихат аппараты