
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025 жылғы 29 тамызда сағат 12:00-де магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі жекелеген реттеліп көрсетілетін қызметтерге (Қазақстан Республикасының ішкі нарығына) тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімді қарау шеңберінде жария тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдау Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, 10-кіреберіс, 4-қабат, 441-кабинет (мәжіліс залы) мекенжайы бойынша өтеді.
Барлық мүдделі тұлғалардың жалпыға бірдей қатысуын қамтамасыз ету мақсатында тыңдау Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында көрсетіледі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100067783764461.
Қатысуға ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі ашық қолжетімділікте мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://monopolist.gov.kz/.
Байланыс телефондары және интернет-ресурстардың мекенжайлары:
Комитет: +7 (7172) 74-26-75, www.gov.kz/memleket/entities/krem;
«ҚазТрансОйл» АҚ: +7 (7172) 610-409, https://kaztransoil.kz/kz/.