
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері коммуналдық қызметтерді тұтынушыларды қоғамдық қабылдауларға қатысуға шақырады.
Комитеттің Facebook-тегі ресми аккаунтына қолжетімділіктің уақытша шектелуіне байланысты кезекті қоғамдық қабылдаулар 2025 жылғы 2 желтоқсанда сағат 15:00-де ZOOM арқылы онлайн-конференция форматында өтеді.
🔗 Қосылу сілтемесі: https://us05web.zoom.us/j/81819719512?pwd=ZVwSctaKcvOsM7vVLYDAaNxdFoMkmX.1
Идентификатор конференции: 818 1971 9512
Код доступа: Z5eLS9.
Аймақтық департаменттердің қоғамдық қабылдауларының трансляцияларына сілтемелерді Комитеттің сайтындағы жаңалықтар лентасынан табуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press?lang=ru.
Комитет тұтынушыларды талқылауға белсенді қатысуға және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге шақырады.