
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жетісу облысының білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп Талдықорған қаласының білім беру ұйымдары мен мектеп асханаларының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметкерлеріне «Білім беру ұйымдарында жаңа тамақтанудың стандартын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіді.
Дөңгелек үстел барысында «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер және тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндіріліп, талқыланды.
Сонымен қатар, Тамақтану стандартын іске асыру шеңберінде жаңа оқу жылына арналған перспективалық төрт апталық маусымдық мәзірді талқылау және бекіту бойынша жұмыс тобы құрылды.