
Қаратал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығына байланысты және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы» бойынша семинар өтті.

Қаратал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығына байланысты және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы» бойынша семинар өтті.
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары А.Жунусова 2026 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы қол қойған «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды түсіндіру бойынша семинар өткізді. Жиынға департамент және басқарма мамандары қатысты. Жаңа заң мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Оның негізінде ашықтық, есептілік, жеделдік және нақты нәтижеге ұмтылу қағидаттары жатыр.
Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі: заң талаптары мен шектеулер” тақырыбында семинар өтті. Жиынға Жетісу облысы, Дін істері басқармас, Діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұхтархан Бақтыбайұлы қатысып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жылдық жоспарына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен медициналық қызметкерлердің карантиндік инфекциялар тіркелген жағдайдағы дайындығын арттыру және атқарылатын іс-шараларды жетілдіру мақсатында, 2026 жылдың 23 сәуірінде ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК базасында «Карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуінің және таралуының алдын алу, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу» тақырыбында семинар өткізілді. Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандарымен баяндама жасалып, Панфилов обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігерлерімен І-типтегі қорғаныш киімін киіп-шешу дағдылары, науқастан оба және тырысқаққа сынама алу ережелері көрсетілді.
2026 жылғы 15 сәуір күні, сағат 10:00-де Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында «Zoom» мобильді қосымшасы арқылы аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары, бөлім басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу» тақырыбында жоспар бойынша семинар өткізілді.
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында 2026 жылдың 31 наурызында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық-эпизоотологиялық ахуалы, клиникасы, диагностикасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралары» тақырыбында облыстық онлайн семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарға аудандық (қалалық) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиолог мамандары, медициналық ұйымдарының инфекционист дәрігерлер, госпитальды эпидемиологтар қатысты. Семинар барысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасалып, қатысушылар пікірлерімен алмасты.
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма мамандарының кәсіби білім деңгейлерін арттыру мақсатында 2026 жылғы 31 наурыз күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының талаптарын түсіндіру және талқылау бойынша онлайн форматта семинар ұйымдастырып өткізілді Семинар барысында халыққа қызмет көрсету объектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі бойынша баяндамалар жасалды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Семинар барысында халыққа қызмет көрсету объектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі бойынша баяндамалар жасалды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.ққа қызмет көрсету объектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі бойынша баяндамалар жасалды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Семинар барысында халыққа қызмет көрсету объектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі бойынша баяндамалар жасалды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Семинар барысында халыққа қызмет көрсету объектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі бойынша баяндамалар жасалды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.ққа қызмет көрсету объектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі бойынша баяндамалар жасалды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.р берілді.
2026 жылғы 30 наурызда Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары үшін өнімдерді (тауарларды) бақылау сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар өткізді. Іс-шараны өткізу барысында бақылау сатып алуды өткізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары талқыланды, оны тиімді өткізуге бағытталған ұсынымдар, сондай-ақ бар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары түсіндірілді.
2026 жылдың 31 наурызында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес – балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілерге (объектілерге) қатысты енгізілген ерекше бақылау бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балаларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау, білім беру және тәрбиелеу объектілерін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланып, түсіндірілді.