Конституция күні құтты болсын

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Конституция күні құтты болсын
    ПоздравлениеАяқталды

    Құрметті жерлестер!

    Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын!

    1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – Тәуелсіз еліміздің Ата Заңы, мемлекетіміздің тұтастығы мен халықтың бірлігінің кепілі. Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, еліміздің демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болды. Бүгінгі таңда біз Конституцияның арқасында бейбітшілік пен келісімді сақтап, дамудың даңғыл жолымен алға басып келеміз. Бұл – баршамыздың ортақ жетістігіміз.

    Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    К сведению депутатов Бурабайского районного маслихата и населения

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 05 маусымда, сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLV сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің және Бурабай ауданының Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы», және т.б.

    26 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 18 мамырда, сағат 11.00-де аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLІV (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», және т.б.

    13 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын

    Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады. Бұл Жеңіс – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының, фашизмді талқандаған бүкіл кеңес халқының, соның ішінде әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған қазақстандықтардың мерекесі. Ұлы Жеңіс мерекесі – бұл батылдық пен ерліктің символы болып қала бермек. Ендігі жерде халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты парызымыз. Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Мереке құтты болсын! Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    Отан қорғаушылар күнімен!

    Құрметті жерлестер! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышы. Әрбір ер азамат қорғаушы болып жаратылған. Өз Отанын, өз шаңырағын, өз отбасын қорғайды. Сондықтан, құрметті ер азаматтар, әрқашанда өз отбасыларыңызға тіреу, пана болып, шаңырақ астынан ешқашан ынтымақ пен береке қашпасын! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышына, абыройлы ісіне айналсын. Тәуелсіз Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштерінің абыройы мен даңқы арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке құтты болсын! Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова

    6 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 29 сәуірінде, сағат 10.00-да аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLIІІ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», және т.б.

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    Ораза айт құтты болсын!

    Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары! Сіздерді барша мұсылман қауымының тамаша мейрамы – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман қауымы исламның бес парызының бірі – ораза ұстап, Аллаға құлшылық етіп, дұға жасап, табиғаттың сансыз нығметтерінің қадірін терең сезінеді. Ораза айт – осы қасиетті айдың аяқталғанын білдіретін, халқымыз үшін игі істер мен жақсылықтардың бастауы болатын ерекше мейрам. Адамзатты игі амалдарға, мейірім мен қайырымдылыққа, парасат пен сабырлыққа үндейтін қасиетті Рамазан айында жасаған барлық ізгі тілектеріміз қабыл болсын! Қасиетті Ораза айт мерекесі әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырларымыз бүтін болсын! Тәуелсіз еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбіреп, ұрпақтарымызды асқақ армандар мен биік мұраттарға жетелесін. Бурабай аудандық мәслихат төрағасы М.Нұрпанова

    20 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 18 ақпанда, сағат 15.00-де аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың XLІ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: 1. Бурабай аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; 2. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    13 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2025 жылғы 05 желтоқсанда, сағат 15.00-де аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың XL (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/13 «2026-2028 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 8С-31/3 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

    9 ақпан 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.