
2025 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Ембердиев «Жерорта теңізі перспективалары және Еуро-Жерорта диалогының итальяндық желісі» ұйымының Президенті - Бас хатшысы Профессор Э.Молинаромен ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды ілгерілету, өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ Профессордың Дүниежүзілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VIII Съезіне қатысуы мәселелерін талқылады.
Тараптар әлемдік конфессиялар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін растап, бірлескен ғылыми зерттеулердің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Келіссөздер аясында Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде конструктивті диалог пен дінаралық келісімді нығайту қажеттілігі кеңінен сөз болды.
Э.Молинаро өз сөзінде Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезін өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Р-ның жаһандық тұрақтылықты, толеранттылық пен бейбітшілікті нығайтудағы және көпжақты әріптестікті дамытудағы рөлін жоғары бағалады.