
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Менің Отаным – Қазақстан» атты республикалық туристік-экспедициялық жасақтар слетінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шара Сандықтау ауылындағы «Жасдәурен» лагерінде ұйымдастырылды.
Бірнеше күн бойы Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстарынан келген жас туристер мен зерттеушілер өздерінің шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар туристік кедергілер жолағында, спорттық өрмелеу сайыстарында бақ сынап, туған жері мен туристік бағыттары жайлы жобаларын таныстырды.
Бүгін үздік командалар мен қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шара Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы колледждің шығармашылық ұжымдарының концертімен қорытындыланды.
✨ Слет балаларға жаңа білім, ұмытылмас әсер сыйлап, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуда маңызды қадамға айналды.