
Аудандық Мәдениет үйінде 8 — Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс- шара өтті.
Алдағы мерекемен ауданның аруларын Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтады. Аудан әкімі әйелдердің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтіп, олардың еңбектері мен белсенді өмірлік ұстанымдары үшін ризашылығын білдіріп, бақыт, денсаулық және амандық тіледі.
Жылы лебізінен кейін әкім көпбалалы аналарға Догман Уциева мен Елизавета Штольге «Күміс алқа» ілгектерін табыс етті. Сондай-ақ, ауданның бірқатар әйелдері адал еңбектері, ауданның дамуына қосқан елеулі үлестері және белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Осы күні концерт залы көктемгі көңіл-күй, күлкі мен қуанышқа толы болды, ал мереке барша қатысушыларға ең жылы әсер қалдырды.