
2025 жылғы ІV-тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының азаматтарды қабылдаудың кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қазан күні сағат 16:30-дан 18:00-ге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлы Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді көшесі, №83 үй мекенжайында орналасқан ветеринария басқармасының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Осыған байланысты облыс тұрғындары ветеринария саласына қатысты өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қоюға және ұсыныстарын айтуға қатыса алады.