
«Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ЖАО ІАҚ) қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ аудиторының және Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - ІМАД) қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңесте ЖАО ІАҚ жоспарлы бағалау қорытындылары, сондай-ақ аудиторлық іс-шара материалдарына жүргізілетін сапа бақылауы мәселелері қарастырылды.
Объектілерді сапалы алдын-ала зерделемеу, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызметін талдаудың толық болмауы, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізудің Стандарттары мен Қағидаларының жекелеген талаптарын сақтамау негізгі проблемалар мен жүйелі кемшіліктер болып табылады.
Сапаны бақылау қорытындыларын ескере отырып, Комитет аудиторлық қызмет нәтижелілігінің сапасын арттыруға, ақпараттық дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, Аудит жөніндегі кеңестердің рөлін күшейтуге, тексеру қамтуларын кеңейтуге, сондай-ақ оларды жүргізудің электрондық форматын пайдалануға бағытталған ұсынымдар әзірледі және берді.
Комитет ІАҚ қызметін үйлестіруді, оның ішінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді жалғастыратын болады.