
Комитет Абай облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған жоспарлы қызметін бағалаудың қорытындысын шығарды.
Жоспарлы бағалау нәтижелері бойынша Қызметтің жоғары тиімділік деңгейімен бағаланды – 89,5%.
Сонымен қатар, бағалау қызметтің бекітілген функциялары мен міндеттерінің жеткіліксіз орындалуында көрсетілген қызмет жұмысының әлсіз жақтарын көрсетті, атап айтқанда, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы аумақтарды дамыту бағдарламалардың мақсатттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде, талдау жүргізілмейді.
Комитет қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуды және қызметтің рөлін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалық мәселелеріне жедел ден қоюға және өңірдің жоспарлы көрсеткіштерін іске асыруды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті тиімді ішкі бақылау жүйесінің деңгейіне дейін арттыруды ұсынды.
Сонымен қатар, өңірдегі жоспарлы бағалау аясында Комитеттің мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасының өкілдерімен аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру мәселелері бойынша консультациялық – әдіснамалық көмек көрсетілді, оған сондай-ақ Абай облысы бойынша аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері де қатысты.