
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылғы 15–16 қыркүйек күндері Келес ауданында іссапар ұйымдастырды. Іссапарға Департамент басшысы орынбасарының м.а., әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Садыкбеков жетекшілік етті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, прокуратура өкілі, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен жауапты мамандары, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлар қатысты.
Іссапар барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар «Онлайн бюджеттік мониторинг (ОБМ) жүйесінің бюджет қаражатын бақылаудағы рөлі» таныстырылып, ашық пікір алмасу жүргізілді.
Мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандарынан анонимді сауалнама алынып, олардың ұсыныс-пікірлері жинақталды. Сондай-ақ, мемлекеттік аудиторлардың аралық есебі тыңдалып, анықталған бұзушылықтар талқыланды.
Аталған шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ықпал етеді деп күтілуде.