
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мамандарының қатысуымен «Электрондық ішкі мемлекеттік аудит» модулін іс жүзінде қолдану бойынша оқыту ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты органдарды қоса алғанда, 49 ішкі аудит қызметінің өкілдері қатысты.
Қатысушыларға практикалық кейстер негізінде Модульмен жұмыс істеу тәсілдері көрсетілді. Оның негізгі құрамдас бөліктері мен функционалдық мүмкіндіктерін түсіндіруге ерекше назар аударылып, Модульді пайдалану ішкі аудит қызметтерінің тиімділігін арттыруға және тексерулерді электрондық форматқа көшіру үдерісін жеделдетуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Комитет алдағы уақытта да консультациялық қолдау көрсетуді, соның ішінде Модульді одан әрі пайдалану барысында туындайтын мәселелер бойынша сүйемелдеуді жалғастырады.