
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшы – мемлекеттік аудиторларының қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің өкілдерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында қатысушылар өткен кезеңде жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша есептерді тыңдап, аудит сапасын арттыру әдістерін және аудиторлық практиканы біріздендіру жолдарын талқылады.
Аудиторлық тапсырмаларды орындау барысында туындайтын құқық қолданудың күрделі жағдайлары қаралып, оларды шешу жолдары ұсынылды.
Аудиторлардың жұмысын бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мәселесіне, оның ішінде ішкі сапа бақылауын жүргізу кезінде ерекше назар аударылды. Қатысушылар біліктілікті үнемі арттырудың, тәжірибе алмасудың және Комитет тарапынан әдістемелік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер арасындағы үйлестіруді нығайту жөнінде ұсынымдар әзірленіп, аудиторлық қызметті жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді және даулы мәселелерді шешу тәсілдері келісілді.
Мұндай кеңестердің өткізілуі кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, әдістемелік тұтастықты қамтамасыз етуге және ішкі мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыруға ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.