«Халық заңгері» бірыңғай Республикалық акциясы

    Орган
    kvga
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Халық заңгері» бірыңғай Республикалық акциясы
    КездесуАяқталды

    Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Республикалық кең ауқымды «Халық заңгері» бірыңғай Республикалық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шара Жамбыл облысының барлық аудан орталықтарында және Тараз қаласында бір уақытта өтті.

    Акция аясында заңгер, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың басшылары тұрғындарға кеңес беріп, 400-ден астам азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.

    Тараз қаласында акция «MART» сауда орталығында ұйымдастырылып, тұрғындар түрлі мәселелер бойынша заңгерлердің көмегіне жүгінді. Атап айтқанда, жер телімін алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, отбасылық қарым-қатынастар, еңбек даулары, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық сипаттағы сауалдарға сарапшылар жан-жақты жауап берді.

    Юридическое управление

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті университет студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандарды ішкі мемлекеттік аудит органдарының қызметімен таныстыру, мемлекеттік қызметті насихаттау және жастардың қаржы-экономикалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын арттыру болды. Кездесу барысында Департамент қызметкерлері ішкі мемлекеттік аудит органдарының негізгі міндеттері мен функциялары, мемлекеттік қызметтен өтудің ерекшеліктері, кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесіндегі кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы баяндады. Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға ықпал етеді.

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылғы 21 мамырда Жетісу облысындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларының қатысуымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын дұрыс қолдану мәселелері бойынша семинар өткізілді. Іс-шара барысында тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер кодтарын айқындау кезінде жиі жіберілетін бұзушылықтар, оның ішінде сатып алу нысанасын дұрыс айқындамау, қате кодтарды қолдану, сатып алуды жасанды түрде бөлу және әртекті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір лотқа біріктіру мәселелері қаралды. Семинар қатысушыларына мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, оның ішінде сатып алу нысанасын дұрыс айқындау, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын қолдану, адал бәсекелестік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға жылдық жоспарлар мен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын қолдану барысында заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылды.

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    г.Талдыкорган, ул.Шевченко, 168kvga
    СеминарАяқталды

    «2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындысы» тақырыбындағы семинар

    Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2026 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар өкілдерінің қатысуымен « 2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары » тақырыбында семинар өткізді. Сонымен, семинар барысында 2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары жарияланды. Департамент мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады. 2026 жылдың 1 тоқсанында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 203,6 млрд теңгеге 9 299 Мемлекеттік сатып алу (лоттар) қамтылды. Камералдық бақылау барысында жалпы сомасы 8,4 млрд. теңгеге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 501 хабарлама жіберілді . Камералдық бақылау бағыттары бөлінісінде: бірінші бағыт-ашық конкурс 46, екінші бағыт ашық конкурс – 13, баға ұсыныстарын сұрату арқылы 144, тікелей қорытынды жолымен бір көзден алу тәсілімен-296, екінші бағыт - рейтингтік балдық жүйеден конкурс - 1, бірінші бағыт-рейтингтік – балдық жүйені пайдалана отырып конкурс-1. Мұндай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды. Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке – еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі. Аталған мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылғы 18 қазандағы жарлыққа сәйкес, мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні болып жарияланды Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүруде. Олардың барлығы заң алдында тең құқықтарға ие болып, ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұл – еліміздегі тұрақты қоғамдық жүйенің және тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Қазақстан халқының бірлігі күні – барша қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін, ел болашағына деген сенімді нығайтатын мереке.

    30 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Круглый столАяқталды

    СҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Ашық есік күні өтті

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және жастар арасында ерте кәсіби бағдар беруге бағытталған іс-шаралар жоспары аясында №12 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында оқушылар Департамент қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Атап айтқанда, қаржылық есептілік аудиті, сәйкестік аудиті, мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ әкімшілік іс қозғау жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік секторда жұмыс істеудің тиімді тұстары, жас мамандарды кәсіби қолдау шаралары және мансаптық өсу мүмкіндіктері түсіндірілді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

    13 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Департамент внутреннего государственного аудита по Северо-Казахстанской областиkvga
    КездесуАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 31 наурыз күні сағат 11:00-де онлайн форматта ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Павлодар облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесудің өтетін орны: Павлодар қ, Мәшһүр Жүсіп көшесі 35/1, Үлкен зал Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды [email protected] электронды почтасына жолдауға болады. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (701) 528 6175

    26 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметкерлері Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі ұйымдастырған кеңеске қатысты

    Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметкерлері Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі ұйымдастырған кеңеске қатысты. Іс-шара барысында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, кемсітушілікке жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің жол жүрісі қағидаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау мәселелері түсіндірілді. Ерекше назар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және жас қызметкерлерге тәлімгерлік қолдау көрсетуге аударылды. Мұндай іс-шаралар кәсіби жауапкершілікті арттыруға, құқықтық сауаттылықты күшейтуге және адал мемлекеттік қызмет қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

    23 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Круглый столАяқталды

    Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Ашык есік күні» акциясын өткізді

    Қаржы Министрлігіне қарасты Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары үшін «Ашык есік күні» акциясын өткізді. Басты мақсат - мемлекеттік қызметке орналасуды қалайтын жалынды жастарға мемлекеттік аудит жүйесі жұмысын кеңінен таныстыру және олардың елге қызмет етуге деген қызығушылығын арттыра отырып мемлекеттік аудиторлар қатарына қосылу жолдарын көрсету. Комитет өкілдері мемлекеттік аудит қызметінің міндеттерін және бюджет қаражатын тиімді әрі нәтижелі іске жұмсаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар келген қатысушыларға Комитет жұмысындағы кейстер мен мысалдар ұсынылды. Осылайша жас мамандарға мемлекеттік органдар қызметін жақсартудағы рөлі таныстырылды. Өз кезегінде ел игілігі үшін білім жиып жүрген магистранттар да түрлі талқылаулардан шет қалмай өз белсенділіктерін көрсетті. Ал комитет қызметкерлері жас мамандардың кәсіби мемлекеттік қызметші болуларына сәттілік тілеп, мемлекеттік аудитор маманы болуға шақырды.

    17 ақпан 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.