
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қатысуымен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының өкілдерімен бірге «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесін пайдалану нәтижелері және оны дамыту перспективалары бойынша кеңейтілген кеңесі өткізді.
Кеңес барысында «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің енгізілуі және оның нәтижелері бойынша талқылынды.
Мәселен, 2024 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген) сәйкес "Онлайн бюджеттік мониторинг" платформасын әзірледі.
Бұдан әрі білім саласына Департамент 122 хабарлама 513,7 млн теңге сомасына жолдады, оның ішінде 46,0 млн теңге сомасына 28 хабарлама расталды және бұл сома бюджетке өтелді.
2025 жылғы 01 сәуірден бастап бақылау бағыттары үш негізгі салаға дейін кеңейтілді денсаулық сақтау, спорт және мәдениет. Мониторингтің жаңа кезеңі бұзушылықтарды жедел анықтауға және мемлекеттік ресурстарды қорғауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі күшейтілген шараларды көздейді.
Сонымен қатар, онлайн-мониторинг шеңберінде тәуекелмен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.