
2025 жылғы 17 қазан сағат 11.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы Ешенқұловтың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Көкшетау қаласы, Абай көшесі 76, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, акт залы мекенжайы бойынша өтеді.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-29 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді [email protected] электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.