Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, 60-54-07 Өтінімдерд і қабылдау нысанасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Өтінімдерді беру орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың «1» маусымынан бастап 2026 жылдың «15» маусым аралығы (жұмыс күндері) Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2026 жылдың «1» маусымы сағат 09:00 Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уа қыты: 2026 жылдың «15» маусымы сағат 19:00 Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады: 1 санат – келесі халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; мүгедектігі бар адамдарды; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді; зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды; аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды; наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; қандастарды. 2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; 3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; - әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; - азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; - жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер; - коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімделуді көздейтін қызметтер, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтер; - медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу; - мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру; - қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары; - мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу. 4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері: - отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер; -Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру; -мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету; - әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту; -мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері) - қоршаған ортаны қорғау; - халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады. Скачать приложение категорий
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылдың сәуір айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған орай, аталған саланың қызметіне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға ұсыныс пен пікірлеріңіз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимаратында орналасқан «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге және [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады. Сонымен қатар, Басқарманың сенім телефонына 8(7242) 60-54-07 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2026 жылдың сәуір айында ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлайды.
Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, 60-54-07 Өтінімдерді қабылдау нысанасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.07.2023 жылғы №140 бұйрығымен бекітілген Қағидалар шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Өтінімдерді беру орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: 2025 жылдың «01» желтоқсанынан бастап 2025 жылдың «15» желтоқсан аралығы (жұмыс күндері) Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2025 жылдың «01» желтоқсаны сағат 09:00 Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2025 жылдың «15» желтоқсаны сағат 19:00 Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына» (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады: 1 санат – келесі халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері: мүгедектігі бар адамдарды; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді; зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды; аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды; наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; қандастарды. 2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; 3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер; жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер; коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімделуді көздейтін қызметтер, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтер; медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу; мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру; қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары; мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу. 4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері: отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету; балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету; әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту; мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі); қоршаған ортаны қорғау; осы Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады. Скачать приложение категорий
Анықтама «30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» – Mining C Metals Central Asia және «21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» – Kazcomak 2025 көрмелері туралы Өткізілетін күндері: 2025 жылғы 17–19 қыркүйек Өткізілетін орны: 7, 8, 9, 10, 11 павильондары және көше экспозициясы, «Атакент» ҚІЫО, Алматы, Қазақстан 2025-ші жылдың басты оқиғасы – Орталық Азиядағы тау-кен өнеркәсібі бойынша ең ірі көрменің 30 жылдық мерейтойы. Mining s Metals Central Asia – өңірдегі саланың көшбасшыларын, өндірушілерді, жеткізушілерді және мамандарды біріктіретін ең ірі кәсіби алаң. Kazcomak – жол және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы маңызды іс-шара, мемлекеттік және жеке компаниялардың назарын аударады. Экспозиция алаңы: 20 000 ш.м. (көше алаңын қоса алғанда) Расталған ұлттық стендтер: 8 елден – Австрия, Ұлыбритания, Германия, Канада, Иран, Қытай, Ресей, Түркия Қатысушылар саны: 30 елден 500+ қатысушы Ауыр техника саны: 50+ Күтілетін келушілер саны: 6000+ адам 2025-ші жылғы қатысушылар тізімі сілтеме бойынша Делегациялар келетін елдер: Иран, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және т.б. Көрмеге тегін кіру билеті – MMC2025SPR промокоды бойынша, mining-metals.kz сайтында Негізгі бөлімдер: Ашық тау-кен жұмыстары Жерасты тау-кен жұмыстары Пайдалы қазбаларды байыту Кен орындарын барлау Металл өңдеу Зертханалық-талдамалық жабдықтар Пайдалы қазбаларды тасымалдау Өнеркәсіптік қауіпсіздік Ресми қолдау: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі