
Ұйымдастырушы: |
«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ |
Орналасқан жері: |
Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 |
Байланыс телефоны: |
+7 (7242) 60-54-08, 60-54-07 |
Өтінімдердіқабылдау нысанасы: |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі |
Өтінімдерді беру орны: |
Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1 |
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: |
2026 жылдың «1» маусымынан бастап |
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: |
2026 жылдың «1» маусымы сағат 09:00 |
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: |
2026 жылдың «15» маусымы сағат 19:00 |
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. | |
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:
1 санат – келесі халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
- мүгедектігі бар адамдарды;
- мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;
- зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);
- балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;
- қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;
- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
- аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;
- наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
- қандастарды.
2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
- әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
- азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер;
- коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімделуді көздейтін қызметтер, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтер;
- медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу;
- мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру;
- қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары;
- мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу.
4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері:
- отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;
-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру;
-мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету;
- әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту;
-мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)
- қоршаған ортаны қорғау;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады.
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.