
Шымкент қалалық сотында мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы бойынша туындаған мәселелер тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының орынбасары Б.Куралбаев және камералдық бақылау бөлімінің басшысы Е.Сейдуллаев қатысып баяндама жасады.
Баяндамада «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтінін атап өтті.
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері туындаған барлық сұрақтарға толық жауап берді.