
Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнаманың жаңашылдығы тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындыларына шағымдану, сатып алудан бас тарту рәсіміндегі әкімшілік жауапкершілік, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары сияқты негізгі аспектілер қамтылды.
Іс-шараны өткізу қорытындысы бойынша Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға бірқатар түсініктемелер берілді.
Бұл іс-шара мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңды қолдану кезінде бұзушылықтарға жол бермеуі үшін бағытталған.