
Батыс Қазақстан Қоғамдық даму басқармасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің білімін жетілдіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Орал қаласы мен аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Асылбек Арыстанов баяндама жасап, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Атап айтқанда, Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтінін атап өтті.
Семинарға қатысушылар осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, спикер оларға толық жауап берді.