
2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Түпқараған ауданы аумағында ІІМ бекіткен 2025 жыл “Профилактика жылы” аясында “Учаске” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — учаскелік полиция инспекторлары мен халық арасындағы өзара әрекетті нығайту, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында учаскелік инспекторлар тұрғын үйлер мен пәтерлерді аралап, шаруа қожалықтарының иелерімен кездеседі. Сонымен қатар, “Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-шаралар” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды және қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді шешуді жалғастыруда.
Түпқараған аудандық полиция бөлімі тұрғындарды қауіпсіздік пен әл-ауқатқа бағытталған шараларға түсіністікпен қарап, белсенді түрде қолдау көрсетуге шақырады.