
25 сәуір күні «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Акция барысында тұрғындарға жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріледі.
Сонымен қатар, азаматтардың полиция қызметіне деген сенімін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.