
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бастамасымен Астана қаласының Білім басқармасына қарасты ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға жауапты басшылары мен мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында Департамент өкілдері камералдық бақылау жүргізу қағидаларындағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, сондай-ақ Департамент қызметінің жаңа бағыттары мен құралдары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, кездесуде Департамент өкілдері мемлекеттік сатып алуға жүргізілетін камералдық бақылаудың ауқымын кеңейту және тапсырыс берушілер тарапынан жиі жіберілетін бұзушылықтар мәселелеріне ерекше назар аударды.
Шараға қатысушыларға Департаменттің хабарламаларына ден қою тәртібі, оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ тапсырыс берушілердің камералдық бақылау шеңберіндегі хабарламаларды орындамаған жағдайда қолданылатын қаржылық ден қою шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Ашық диалог тұжырымдамасын жалғастыра отырып, Департамент өкілдері білім беру ұйымдары мен Білім басқармасының өкілдері қойған сұрақтарға нақты мысалдар келтіре отырып, жан-жақты жауаптар берді.
Кездесу соңында Департамент мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қажеттіліктері үшін сатып алуларға бақылауды күшейту жұмысын жалғастыратыны, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесіндегі жаңашылдықтарды түсіндіру мақсатында тұрақты кездесулер өткізуді қамтамасыз ететіні атап өтілді.