
PEMPAL ҚҚ Хатшылығының шақыруы бойынша ҚР ҚМ ҚК төрағасы
Р. К. Тоқбаев ағымдағы жылғы 28-30 мамыр аралығында жоспарланған Тбилисидегі PEMPAL ҚҚ отырысына қатысады.

PEMPAL ҚҚ Хатшылығының шақыруы бойынша ҚР ҚМ ҚК төрағасы
Р. К. Тоқбаев ағымдағы жылғы 28-30 мамыр аралығында жоспарланған Тбилисидегі PEMPAL ҚҚ отырысына қатысады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Келдібайұлы Қарағанды облысының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізеді. Кездесу барысында азаматтар қазынашылық комитетінің басшылығына жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, электрондық депозитарийді жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары, сондай-ақ қазынашылық органдарының құзыреті шегінде басқа да сұрақтар бойынша сұрақтар қоя алады. 29 қазан 2025 жыл, сағат 11:00 Қарағанды қаласы, Нұркен Әбдіров көшесі, 36/3 Теміртау ауданы үшін: Теміртау қ., Чайковский к., 2/1, Jastar ortalygy Телефон: 8 777 833 8282
2025 жылғы 15 қазанда Өзбекстан астанасы – Ташкентте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті мен Өзбекстан Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық қызмет комитеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа екі елдің Қазынашылық комитеттерінің төрағалары қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, тәжірибе алмасу және қазынашылық қызмет саласындағы озық тәжірибелерді енгізу болып табылады.
Қазынашылық комитетінде киберқылмыс және интернет-алаяқтық тақырыбында қызметкерлер үшін техникалық оқу өтеді. Іс-шараға Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері, оның ішінде киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары қатысады. Оқудың мақсаты-цифрлық алаяқтықтың заманауи түрлеріне қарсы іс-қимыл бойынша хабардарлықты арттыру және шараларды нығайту.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Келдібайұлы Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында азаматтар қазынашылық комитетінің басшылығына жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, электрондық депозитарийді жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары, сондай-ақ қазынашылық органдарының құзыреті шегінде басқа да сұрақтар бойынша сұрақтар қоя алады.