
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Келдібайұлы Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында азаматтар қазынашылық комитетінің басшылығына жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, электрондық депозитарийді жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары, сондай-ақ қазынашылық органдарының құзыреті шегінде басқа да сұрақтар бойынша сұрақтар қоя алады.