
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының, сондай-ақ Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген ішкі аудит жүргізу қағидаларының және
Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және түсіндіру болды.
Комитеттің Заң басқармасының басшысы Асет Омаров қатысушыларға заң талаптарын қолдануда туындайтын өзекті мәселелер бойынша түсіндірме беріп, практикалық ұсынымдарымен бөлісті. Атап айтқанда:
- аудит нәтижесі бойынша берілген нұсқамаларды орындау тәртібі мен мерзімдері;
- құқық бұзушылық белгілері анықталған материалдарды құзырлы органдарға жолдау рәсімдері;
- прокуратура және тергеп-тексеру органдарымен өзара іс-қимыл регламентін сақтау;
- мемлекеттік аудиторлардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, жұмыс барысында туындайтын қиындықтарды болдырмау бойынша нақты ұсынымдар ұсынылды.
Комитет тарапынан аумақтық бөлімшелерге әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсету жұмыстары жалғастырылатын болады.