
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында государственный орган өкілі экономикалық қылмыстарды тергеу ерекшеліктері, департамент қызметінің бағыттары және экономикалық тергеу органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Студенттер маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен кәсіби дамудың қыр-сырын талқылады.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына қызығушылықтарын дамытуға ықпал етеді.