
БҚО бойынша ЭТТД-де басшының орынбасары, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Жұмабаев Ерсаин Кенжебайұлы және Жедел басқармасының АМІЖ жедел уәкілі Жансейітов Анвар Талғатұлын зейнеткерлікке шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.
Шара барысында басшылық пен әріптестері ардагер қызметкерлерге көп жылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, өз ісіне деген беріктігі және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Жұмабаев Е.К. пен Жансейітов А.Т. атына ыстық ықылас пен алғыс сөздері айтылып, оларға мықты денсаулық, отбасылық амандық және өмірдің жаңа кезеңінде сәттілік тіленді.
Департамент ұжымы құрметті әріптестерінің мол тәжірибесі мен қызметтегі адалдығы жас мамандар үшін үлгі болатынын атап өтті.