
2025 жылғы 12 қарашада Көкшетау қаласы әкімдігі азаматтармен өзара іс-қимылды нығайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Қызмет алушы күні» іс-шарасын өткізу жоспарлап отыр.
«Қызмет алушы күні» өтетін орны: «Рио» ОСО, 1 қабат.
Уақыты: 11 сағат 30 мин. бастап 13 сағат 00 мин.
Аталған іс-шараға қала тұрғындарын қатысуға шақырамыз.
«Қызмет алушы күні» іс-шарасын өткізу барысында тұрғындар жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік және еңбек салаларындағы мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар қойып, білікті кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.