
«Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 13-бабының нормаларына сәйкес «Ақмола облысы, Көкшетау қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу туралы халықты хабардар етеді.
Қоғамдық талқылаулар 26.12.2025 ж. сағат 16.00-де өтеді.
Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Нұрсултан Назарбаев даңғылы, 2/5 үй, "Қоғамдық келісім" ғимараты.
Талқылауға жататын мәселелер туындаған жағдайда Көкшетау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 21 мекенжайы бойынша «Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Ұсыныстар 50-00-17, 25-46-79 телефондары арқылы қабылданады.