
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қала көшесінде сенбілік өткізді.
Іс-шара аясында ұжым іргелес аумақты тазалап, А.Каримуллин көшесі бойындағы қоқыс пен құрғақ бұтақтарды жинады
Мұндай шараларды өткізу игі дәстүрге айналып, экологиялық тәрбиенің маңызды бөлігіне, сондай-ақ әрбір қызметкердің қоршаған ортаны абаттандыруға қосқан жеке үлесінің көрінісіне айналды.