Құрметті Талғар ауданының тұрғындары, Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

    Орган
    maslihat-talgar
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Құрметті Талғар ауданының тұрғындары, Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
    ПоздравлениеАяқталды

    ҚұрметтіТалғар ауданының тұрғындары!

    Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
    Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
    Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі.
    Біз Тәуелсіздігіміздің тағы бір жаңа парақтарын ашар тұста азат ел екенімізді, өткеніміз өнегілі, келешегіміз кемел екендігін зор мақтанышпен айтамыз. Сондықтан да, кешегі өткен бабаларымыздың асыл арманы болған Тәуелсіздікті қанша дәріптесек те артық емес. Қандай да бір мереке болмасын оның бастауында – Тәуелсіздік күні тұрады.
    Ендеше, қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін бағалау жолында бәріміз жұмыла еңбек етуіміз қажет.
    Баршаңызды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
    Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!

    Игі тілекпен:Талғараудандық мәслихат төрағасыМұхит Әлібеков

    Ұқсас материалдар

    ПоздравлениеАяқталды

    8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

    Құрметті аяулы аналар, ардақты әжелер, қадірлі әпке-қарындастар! Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Әйел – өмірдің сәні, отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, ақыл-парасаттарыңыз бен сабырлықтарыңыз әр шаңыраққа жылулық пен шаттық сыйлайды. Ана ретінде ұрпақ тәрбиелеп, еңбек майданында аянбай қызмет етіп, қоғамның дамуына зор үлес қосып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын! Көктемнің әр күні сіздерге бақыт пен шабыт сыйласын! Мерекелеріңіз құтты болсын! Талғар аудандық мәслихат төрағасы М.Алибеков.

    6 наурыз 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.