
Құрметті аяулы аналар, ардақты әжелер, қадірлі әпке-қарындастар!
Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Әйел – өмірдің сәні, отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, ақыл-парасаттарыңыз бен сабырлықтарыңыз әр шаңыраққа жылулық пен шаттық сыйлайды. Ана ретінде ұрпақ тәрбиелеп, еңбек майданында аянбай қызмет етіп, қоғамның дамуына зор үлес қосып келесіздер.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын! Көктемнің әр күні сіздерге бақыт пен шабыт сыйласын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Талғар аудандық мәслихат төрағасы М.Алибеков.