
Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!
Сіздерді Республикамыздың әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, еліміз егемендігін жариялады. Мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған шыңдары да нақ осы Тәуелсіздіктің арқасы.
Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз.
Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз! Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан көркейе берсін!
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова