2025 жылғы 18 желтоқсанда Министрлік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі кейбір мәселелер» тақырыптары бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында қызметкерлерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот практикасының негізгі аспектілері түсіндірілді. Атап айтқанда, іс жүргізу кезінде құқықбұзушылық құрамдарын дұрыс саралау ерекшеліктері, сондай-ақ соттардың қаулы шығарудағы және санкцияларды қолданудағы өзекті тәсілдері қарастырылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі кең тараған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды анықтау және азайту тетіктері, сондай-ақ адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік іс-шаралар талқыланды.
Семинар нәтижесінде спикерлер әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау кезінде іс жүргізу нормаларын қатаң сақтаудың, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеудің және нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактиканың маңыздылығын атап өтті.