Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Министерство осуществляет руководство в сферах стратегического планирования, налоговой и бюджетной политики, а также политики в области таможенного дела, государственного и гарантированного государством заимствования и долга, государственно-частного партнерства, государственных инвестиционных проектов, защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности, естественных монополий, развития и поддержки частного предпринимательства, саморегулирования, государственной статистической деятельности и защиты прав потребителей.
Министрлік стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, макроэкономикалық талдау және болжау, өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, инвестицияларды тарту, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, табиғи монополиялар, мемлекеттік активтерді басқару, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, жобаларды басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.
Жаңалықтар
АшуХалықтың табысы инфляциядан да тез өсуі керек
АшуХалық табысын арттыруға арналған жаңа жоспар алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды
АшуҚазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
АшуБордақылау алаңдарында ЖИ енгізу: Үкімет канадалық TELUS Agriculture компаниясымен пилоттық жобаларды пысықтауда
АшуИнвестициялар, инфрақұрылым, жаңа жұмыс орындары: Серік Жұманғарин Торғай өңірін кешенді дамыту жөнінде кеңес өткізді
АшуҚазақстан халқының негізгі табыс көзі – еңбек нарығы
Оқиғалар
Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық жеткізушілерді дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруда
Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 26 наурыз
2026 жылғы 26 наурызда Министрлік «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» туралы тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы ағымдағы өзгерістер туралы ақпарат берілді. Семинар қорытындысы бойынша баяндамашы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің ережелерін қатаң сақтаудың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Аталған іс-шара барлық қызметкерлер үшін Министрліктің Заң департаментімен ұйымдастырылды.
Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 желтоқсан
2025 жылғы 18 желтоқсанда Министрлік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі кейбір мәселелер» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот практикасының негізгі аспектілері түсіндірілді. Атап айтқанда, іс жүргізу кезінде құқықбұзушылық құрамдарын дұрыс саралау ерекшеліктері, сондай-ақ соттардың қаулы шығарудағы және санкцияларды қолданудағы өзекті тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі кең тараған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды анықтау және азайту тетіктері, сондай-ақ адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік іс-шаралар талқыланды. Семинар нәтижесінде спикерлер әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау кезінде іс жүргізу нормаларын қатаң сақтаудың, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеудің және нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактиканың маңыздылығын атап өтті.
Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 қыркүйек
2025 жылғы 18 қыркүйекте Министрлік «Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге конституциялық бақылаудың негізгі аспектілері түсіндірілді, соның ішінде нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ету механизмдері, Конституциялық Соттың рөліне қатысты өзекті тәжірибелер атап өтілді. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық мәселелері, оның ішінде рәсімдердегі тиі кездесетін бұзушылықтар, өңдеудің тиімділігін арттыру шаралары және тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Семинар қорытындысы бойынша спикерлер конституциялық бақылау нормаларын қатаң сақтаудың және жеке және занды тұлғалардың өтініштерін жедел, ашық қараудың маңыздылығын атап өтті.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбековтің Түркістан облысы Түлкібас және Сайрам аудандарының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыруы
«Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы №12 қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбеков 2025 жылғы 1 тамызда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түлкібас және Сайрам аудандарындағы объектілерді аралайды. Объектілерді аралағаннан кейін вице-министр Түлкібас ауданында халықпен кездесуі өтеді. Өтетін орыны: сағат 16:10-де Түлкібас ауданы Дәубаба ауылының Сеславин атындағы орта мектебі. Кіру тегін.
Сұрақ-жауап
Жеке тұлғаларды механикалық көлік құралдарын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босату мүмкіндігі бар ма?
Салық заңнамасына сәйкес 2016 жылдан бастап механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлеу көзделген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабының 4-тармағына сәйкес механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемесі бекітілді. Сонымен қатар, машина жасау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылатынын, яғни осы салада жүргізіліп жатқан саясатты осы мемлекеттік орган айқындайды. Мөлшерлемелердің мөлшерін белгілеу немесе оларды өзгерту салалық уәкілетті мемлекеттік органдар, бұл жағдайда – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынатын негізделген ұсыныстар негізге алына отырып жүргізіледі. Мысал: Қазақстан Республикасының азаматы жаңа жеңіл автокөлік сатып алып, оны бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға жүгінді. Ресімдеу кезінде оған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабының 4-тармағына сәйкес механикалық көлік құралын бастапқы тіркегені үшін алым төлейді. Азамат осы алымды төлеуден босату мүмкіндігі туралы сұрақпен жүгінді. Жауап: Қолданыстағы салық заңнамасында жеке тұлғаларды аталған алымды төлеуден босату көзделмеген. Бұл ретте мөлшерлемелерді өзгерту не жеңілдіктерді енгізу машина жасау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізделген ұсыныстары негізінде ғана мүмкін болады.
Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне жабдықты қосуға жол беріле ме?
Жаңа Салық кодексінің 508-бабының 1-тармағына және 509-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілмейтін импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу көзделген (ҚҚС-тан босатуға ұқсас). Көрсетілген тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру тәртібі «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1199 қаулысымен бекітілген. ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 5-тармағына сәйкес ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәліметтер қоса беріледі: 1) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тізбені өзгерту және (немесе) толықтыру қажеттілігі және тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттілігі (нақты көлемі) туралы; 2) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас тауарлар өндірісінің жылдық көлемі (нақты көлемі) туралы немесе мұндай өндірістің болмауы туралы; 3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауардың құны (тауардың 1 бірлігіне теңгемен). Осылайша, Қағидаларға сәйкес экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау мүмкіндігі бар. Мысал: «Бета» ЖШС 2026 жылы өндірісті жаңғырту үшін өнеркәсіптік жабдықты (мамандандырылған станок) импорттауды жоспарлап отыр. Бұл жабдық Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейді, құны жоғары (бірлігіне 150 000 000 теңге). Бұл ретте аталған жабдық ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне енгізілмеген. Сұрақ: ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу тетігін қолдану үшін осы жабдықты тізбеге қалай қосуға болады? Жауап: «Бета» ЖШС тиісті ұсыныспен салалық министрлікке ( мысалы, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органға) жүгінеді. Уәкілетті орган: ұсынылған деректерді талдайды; отандық өндірістің болмауы; Тізбеге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қалыптастырады және жібереді. Ұлттық экономика министрлігінің келісімін алады және Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгерістер бекіткеннен кейін жабдық тізбеге енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттарды орындау кезінде, қосылған құн салығының 16% мөлшерлемесі қалай қолданылады?
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 503-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 16% мөлшерінде ҚҚС базалық мөлшерлемесі белгіленгенін атап өтеміз. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабына сәйкес тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға тауар берілген күн немесе тауар өнім берушінің көлік құралына тиелген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Егер тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса тауарды беру туралы құжатқа қол қойылған күн немесе сатып алушының билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді іске асыру күні болып: орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде; орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа ) көрсетілген қол қою күні танылады. Осылайша, 16% мөлшеріндегі ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт көлеміне қолданылады. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінің ережелерінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде 12% мөлшерінде ескі салық мөлшерлемесін қайта есептеу немесе өзге де қолдану мүмкіндігін көздейтін өтпелі нормалар жоқ. Осылайша, ұзақ мерзімді шарттарды іске асыру шеңберінде 2026 жылы шарт жасалған күнге қарамастан 16% мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесі қолданылатын болады. Мысал: «Альфа» ЖШС тапсырыс берушімен 2025 жылғы 15 қарашада тауарларды жеткізу шартын жасасты. Шарттың жалпы құны 10 000 000 теңгені құрайды (ҚҚС есептемегенде). Шарт талаптарына сәйкес: тауарды жеткізу 2026 жылғы 10 ақпанда жүзеге асырылады; төлем 2026 жылдың 20 ақпанында жүзеге асырылады. Сұрақ: Осы шартты іске асыру кезінде ҚҚС мөлшерлемесі қандай? Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2025 жылғы 18 шілдедегі жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексінің ережелеріне сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ды құрайды. Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша бұрын қолданыста болған 12% ҚҚС мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік беретін өтпелі ережелер көзделмеген. Шарт 2025 жылы жасалғанына қарамастан, міндеттемелерді нақты орындау (жеткізу және төлеу) 2026 жылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты 16% ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады. Есептеу: Тауардың құны (ҚҚС-сыз): 10 000 000 теңге, ҚҚС 16%: 1 600 000 теңге, ҚҚС есебімен жиынтық сома: 11 600 000 теңге.
Көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшерінен асатын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары қандай нормаларға сәйкес жоспарланады?
Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай, көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшерінен асатын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жалпы тәртіппен жоспарланады. Бұл ретте, егер өндірістік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі МЖӘ жобасы АЕК-тің 700 000 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жоспарлау Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі – кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану ).
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшеріне дейін шектеледі ме?
Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылатын шарттар айқындалған (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі - кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану ). Ерекшеліктерді қолдану шарттарының бірі 700 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінен аспайтын көлемде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (коммуникациялардың барлық түрлеріне) құру (реконструкциялау) болып табылады. Бұл ретте көрсетілген шекті мәннен асқан кезде МЖӘ жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көзделген жалпы тәртіппен көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай жоспарланады. Осылайша, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру АЕК 700 000 еселенген көлемімен шектелмейді.
Жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін кім және қандай негіздер бойынша жүргізеді және қалыптастырады?
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 10) тармақшасына сәйкес, жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүргізеді және қалыптастырады (Мысалы, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынылған жағдайда әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде). Тізбеге енгізу үшін ақпаратты Министрлікке Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы ұсынады. Ұйымдастырушы Министрлікке осындай шешімдерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңды күшіне енген сот шешімдерін кейіннен Министрлік Тізбені интернет-ресурста орналастыру үшін жібереді.
Құжаттар
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығы 1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығы (бұдан әрі – Жоба) . 2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. 3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығының 8-тармағына сәйкес әзірленді. 4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жобада редакциялық сипаттағы түзетулер көзделген және Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелеріне сәйкестендіруге бағытталған. 5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері 2026 жылғы маусым. 6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы
1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы 2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. 3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (барболса)) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді 4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жобамен «ақпараттық» және «электрондық» сөздерін «цифрлық» сөзіне ауыстыру бойынша редакциялық түзетулер енгізілуде. 5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттарымен мерзімдері 2026 жылдың маусым айы. 6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзгеде салдар Жоба қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.
«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығы жобасы
«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығы жобасы 1. НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығы жобасы (бұдан әрі – Жоба). 2. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. 3. НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 1206 Жарлығының 8-тармағына сәйкес әзірленді. 4. НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жобада редакциялық сипаттағы түзетулер көзделген және Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкестендіруге бағытталған. 5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері 2026 жылғы маусым. 6. НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған НЫСАН 1. НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) . 2. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. 3. НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып) «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығының 8-тармағына сәйкес әзірленді. 4. НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жобамен редакциялық сипаттағы түзетулер және Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес келтіру көзделеді. 5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері 2026 жылғы шілде. 6. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.