
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, «Салауатты университеттер» жобасын енгізу және іске асыру тақырыбында жоғарғы және орта кәсіптік білім беру объектілерінің басшыларына семинар өткізіді.
Семинар барысында Жетісу облысында ДДҰ-ның «Салауатты университеттер» жобасын енгізу бойынша атқарылатын іс-шаралар, сонымен қатар, студент арасында мінез-құлық факторларының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпарат пен білім деңгейін арттыру бойынша іс-шараларға түсіндірме берілді.
Семинар қорытындысы бойынша жоба мәселелері талқыланып, оны іске асырудың бірыңғай тәсілдері әзірленді.