
Алаяқтарға ең осал топтар арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша дәрістерді өткізу мақсатында Орал қаласының №39 ЖОББ мектебінің жоғары сынып оқушылары Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілімен кездесті.
Спикер интернет-алаяқтықтың ең кең тараған түрлері, жеке деректерді қорғау тәсілдері, сондай-ақ құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Ерекше назар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және интернеттегі ақпаратқа сыни тұрғыдан қараудың маңыздылығына аударылды.
Сонымен қатар оқушыларға 2025 жылдың 16-қыркүйегінен бастап дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгендігі туралы түсіндірілді.