2026 жылдың 04 маусымында сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысының м.а. А.Амирхановпен «Азаматтарды қабылдау орталығында» Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен жайында азаматтарды қабылдау өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша және алдын ала жазылу: +7(7232) 704028, +7(7232) 704137 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 03 маусымында азаматтарға құқықтық консультацияларды беру, сонымен қатар азаматтарды қабылдау мақсатында, «Ашық есік күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды. Өтетін орны: ШҚО, Алтай ауданы, Больничная,1, көшесі, "Жаңа Бұқтырма селолық емханасы". Аталған акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, «AMANAT» партиясының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.
Ағымдағы жылдың 22 мамырында сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің "Instagram" әлеуметтік желі парақшасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Виктория Борисовна Махмутованың қатысуымен "Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету" тақырыбында тікелей эфир өтеді. Тікелей эфир тақырыбындағы сұрақтар тікелей эфирге дейін хабарламамен Direct-ке, немесе 8 (7232) 70-41-55 телефон нөмірі бойынша сондай-ақ тікелей эфир кезінде қабылданады.
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 14 мамырында азаматтарға құқықтық консультацияларды беру, сонымен қатар азаматтарды қабылдау мақсатында, «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды. Өтетін орны: ШҚО, Глубокое ауылы, Попович көшесі, 13 үй, "AMANAT" партиясының аудандық филиалында. Аталған акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, «AMANAT» партиясының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады. Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 8 (7232)70-41-55 нөміріне хабарласуға болады.
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 28 сәуірінде азаматтарға құқықтық консультациялар беру мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды. Аталған акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, құқық қорғау органдарының, «AMANAT» партиясының, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады. Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 8 (7232)70-41-55 нөміріне хабарласуға болады.
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде сағат 09:00-де Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің "Instagram" әлеуметтік желі парақшасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Шынар Камалхановна Журагатованың қатысуымен "Авторлық құқық дегеніміз не" тақырыбында тікелей эфир өтеді. Тікелей эфир тақырыбындағы сұрақтар тікелей эфирге дейін хабарламамен Direct-ке, немесе 8 (7232) 70-41-55 телефон нөмірі бойынша сондай-ақ тікелей эфир кезінде қабылданады.
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу бөлімінің басшысы А.Калимолдинамен Ұлан ауданының Асубұлақ ауылы тұрғындарымен кездесу өткізіледі. сағат 11.00-де Асубұлақ кенті, Тәуелсіздік көшесі, 1, Мәдениет үйі ғимаратында. Сұрақтар 2026 жылғы 09 сәуірге дейін сағат 17:30-ға дейін 8 (7232) 70-41-55 телефоны арқылы қабылданады.
Ағымдағы жылдың 02 сәуірінде сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің "Instagram" әлеуметтік желісінің парақшасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Даурен Тлеубердинович Джуашевтың қатысуымен «Борышкердің ортақ мүлкіндегі үлесін өңдіріп алу» тақырыбында тікелей эфир өтеді . Тікелей эфир тақырыбындағы сұрақтар тікелей эфирге дейін хабарламамен Direct-ке, немесе 8 (7232) 70-41-55 телефон нөмірі бойынша сондай-ақ тікелей эфир кезінде қабылданады.