
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ЭҚТЖ бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің құрылғанына 5 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Департамент басшысы А. Әбенов ұжымды мерейтоймен құттықтап, қызметтің маңыздылығын және әрбір қызметкердің ортақ іске қосқан үлесін атап өтті.
Ведомствоның қалыптасу бастауында тұрған ардагерлер тарапынан да жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды. Іс-шара аясында жас қызметкерлер ант қабылдап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге медальдар мен алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік шаралар келесі күні демалыс базасында жалғасын тапты. Қызметкерлер командаларға бөлініп, белсенді ашық ойындарға қатысып, кейін интеллектуалдық квизде өз білімдерін және командалық рухтарын сынады. Бұл іс-шара тек мерейтойды атап өту ғана емес, сонымен қатар корпоративтік бірлікті және ұрпақтар сабақтастығын нығайтты.