
№53 орта мектебінде 10–11-сынып оқушыларымен сандық қауіпсіздіктің өзекті тақырыбына — дипфейктердің таралуы және интернеттегі манипуляциялардан қорғану тәсілдеріне арналған кездесу өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, оқушылар пайдалы ақпарат алып қана қоймай, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына дипфейк деген не екені түсіндірілді. Бұл — жасанды интеллект көмегімен адамның шын мәнінде болмаған әрекеттерді жасап тұрғандай немесе айтпаған сөздерді айтып тұрғандай етіп көрсететін жалған бейне, аудио және суреттерді жасауға мүмкіндік беретін технология. Мұндай материалдар алаяқтар тарапынан адамдарды алдау, жалған ақпарат тарату және тұлғалардың беделін түсіру мақсатында жиі қолданылады.
Оқушыларға сандық қауіпсіздіктің қарапайым ережелері айтылды: ақпаратты міндетті түрде қайта тексеру, күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сенбеу, жеке деректерді бермеу және егер хабарламаның шынайылығына күмән туса, адаммен тікелей байланысу қажет екені атап өтілді.
Олар талқылауға белсенді қатысып, интернеттен мысалдар келтіріп, өздерінің желіде алдау әрекеттеріне тап болған жағдайларымен бөлісті. Кездесу соңында ұйымдастырушылар бүгінгі таңда сандық сауаттылықтың нақты өмірдегі қауіпсіздік ережелерін білумен бірдей маңызды екенін ерекше атап өтті.
Мұндай алдын алу кездесулері жастарға заманауи қауіптерді тануға және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық қалыптастыруға көмектеседі