
📝 Ақтөбеде қаламгерлерге «Қазына» гранты табысталды
- Орган
- aktobe-til
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей

Ұқсас материалдар
Ақтөбеде ономастка саласындағы өзгерістер талқыланды
Ақтөбеде Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру мәселелері қаралды , деп хабарлайды ҚазАқпарат DKnews.kz . Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен " Ономастика : ұлттық танымға бетбұрыс " тақырыбында республикалық семинар өтті . Сарапшылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ономастикалық саланы орталықтандыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулармен заң нормаларын түсіндірді . " Тарихи тұлғалар " , " Жер - су атаулары " және " Дәстүрлі атаулар " өзекті тізбесіне , сондай -ақ өзгертулер мен толықтырулармен әдістемелік ұсыныстарға назар аударылды . Сондай -ақ, қатысушылар ҚР цифрлық даму , инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып , жаңартылған ономастикалық атауларды халық кеңінен қолданатын карталармен ( Yandex , 2GIS ) және навигация құралдарындағы ономастикалық атаулармен біріздендіру жан- жақты талқыланғанын айтты . Сонымен қатар , семинарда елді мекендердің бастапқы және тарихи атаулары мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері , сондай -ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұсынылған шаралар қарастырылды . Семинар жұмысына Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері , Өңірлердегі ономастика қызметіне жауапты басқармалардың басшылары , сондай -ақ Ақтөбе облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты .
Ақтөбе қаласында тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ақтөбе қаласында тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мамандары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген тексеру жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 25-6-бабына сәйкес мерзімді тексеру жүргізді. Тексеру барысында мекеменің іс қағаздарының жүргізілуі, деректемелер мен көрнекі ақпараттардың орналасуы, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттарының заңнама талаптарына сәйкестігі қаралды. Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлеріне тиісті ұсынымдар берілді.