
Ақтөбеде Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DKnews.kz. Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен "Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс" тақырыбында республикалық семинар өтті. Сарапшылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ономастикалық саланы орталықтандыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулармен заң нормаларын түсіндірді. "Тарихи тұлғалар", "Жер-су атаулары" және "Дәстүрлі атаулар" өзекті тізбесіне, сондай -ақ өзгертулер мен толықтырулармен әдістемелік ұсыныстарға назар аударылды. Сондай -ақ, қатысушылар ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, жаңартылған ономастикалық атауларды халық кеңінен қолданатын карталармен (Yandex, 2GIS) және навигация құралдарындағы ономастикалық атаулармен біріздендіру жан- жақты талқыланғанын айтты. Сонымен қатар, семинарда елді мекендердің бастапқы және тарихи атаулары мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, сондай -ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұсынылған шаралар қарастырылды. Семинар жұмысына Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, Өңірлердегі ономастика қызметіне жауапты басқармалардың басшылары, сондай -ақ Ақтөбе облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.